Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 18 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 18–21 қазанда ауа райы: +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады • Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады • Нұрасыл Медеу Қазақ ұлттық спорт университетін мемлекетке сыйға тартты • Сайтқа Kaspi төлемін қалай қосады • Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткеннен шабуыл көрдім деп шағымданды • 200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты • Астанада 18–21 қазанда ауа райы: +15 градусқа дейін жылынып, жаңбыр жауады • Астанада бұрынғы вице-министр Сәтжан Аблалиевтің соты 27 қазанда басталады • Нұрасыл Медеу Қазақ ұлттық спорт университетін мемлекетке сыйға тартты • Сайтқа Kaspi төлемін қалай қосады • Алматыда ер адам интим қызмет көрсететін бойжеткеннен шабуыл көрдім деп шағымданды • 200-ден астам қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты •

    Шавкат Рахмонов: Түнгі клубта жүретін жігіттен чемпион шықпайды

    Фото: fighttime.ru

    Аралас жекпе-жектен (MMA) қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов «Жағың сынса да, сағың сынбасын» подкастына сұхбат беріп, жас спортшыларға өз кеңесін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Спортшының сөзінше, түнгі клубта қыдыратын жастардан чемпион шықпайды. Алға мақсат қойған адам соған жету үшін тынбай еңбек ету керек.

    «Спорт жолына енді түскен жастарға айтар кеңесім: егер бір жарысқа дайындалып жүрсең, түнде қыдырмауың керек. Түнде қыдырып, ары қарай демалып, чемпион болған спортшыны маған көрсете аласыздар ма? Клубқа барып, чемпион болып жүрген жігіттерді өз басым көрмеппін.

    Мысалы, мен қазір клубқа мүлде бармаймын. Жас кезімде 1-2 рет қана барғанмын. Адам алдына мақсат қойса, жан-жағына қарамай, дұрыс ортамен алға қарай басу керек», — дейді Шавкат Рахмонов.

    Сонымен қатар спортшы тойға, туған күн кештеріне соңғы рет қашан барғаны есінде жоқ екенін айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →