Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Ақ үйде өтіп жатқан қайырымдылық дастарханына Нұрлан имам да қатысуда

    Бүгін АҚШ президенті Джо Байденнің қатысуымен Ақ үйде қайырымдылық асы өтіп жатыр. Халықаралық шараға Қазақстаннан дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан қажы Байжігітұлы қатысуда, деп хабарлай Qazaq Today ақпарат агенттігі kazinform-ға cілтеме жасап. 

    Сонымен қатар алқалы жиынға алпауыт елдің дін басшылары, өзге де мемлекет жетекшілері, танымал тұлғалар шақырылған.

    «Негізгі мақсаты — әлемдегі тыныштық, ынтымақ, бірлік және осы төңіректе жасалатын дұғалар мен мінәжат. Әр дін өкілі өзінің дұғасын өз қолымен, ниетімен жеткізеді. Бұл — әлемде болып жатқан жағдайға байланысты барлық дін өкілдерінің бір жерде ниет тоғыстыруы» — деп түсіндірді АҚШ-тағы ас туралы агенттіктің дереккөзі.

    Белгілі болғандай, қайырымдылық дастарханына 127 мемлекеттен 1600 адам жиналған.

    Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан имамның АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алып, жолға аттанғалы отырғанын жазған болатынбыз. Ол Америка көшбасшысы жыл сайын қайырымдылық ас беретінін айтқан. Жиынға әлем мемлекеттерінің бетке ұстар азаматтары шақырылады.

    «Алланың қалауы бойынша биыл біздің елімізден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, Президентіміз қалыптастырып отырған ішкі және сыртқы саясатты, сондай-ақ руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз», деген еді Нұрлан имам.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →