Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақтөбе облысында жеңіл көлік суға батып кетті

    Ақтөбе облысында жеңіл көлік суға батып кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше сағат 15:52-де Шалқар қаласындағы Шалқар көлінде «ВАЗ-2110» жеңіл автокөлігі мұз астына батып кеткен. Оның ішінде 3 адам болған.

    «1980 және 1971 жылы туған 2 адам өз күштерімен жағаға шыққан. Құтқарушылар оларды жылжымалы уақытша жылыту пунктіне орналастырды. Оларға медициналық көмек қажет етілмеді. 1972 жылы туған үшінші адам суға батып кетті. Сағат 17:45-те құтқарушылар батып кеткен адамның денесін мұз астынан алып шықты», – делінген хабарламада.

    Мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес, бұқаралық спорттық және мерекелік іс- шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін 25 сантиметрден кем емес болуға тиіс.

    Мұз үстінде болған кезде мынадай жайттарға рұқсат етілмейді:

      • мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға;

     

      • мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтанып жиналуға;

     

      • мұздағы ойықтарға, жарықтарға жақындауға;

     

      • өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлікпен мұзға шығуға;

     

      • от жағуға;

     

      • мұзда қоқыстарды қалдыруға.

     

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →