Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Назгүл Қарабалина жеке өмірі туралы сыр бөлісті • Астанадағы автотұрақта бес көлік өртенді: полиция алдын ала себебін атады • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр •

    БҚО ауыл округі әкімдігінің бас маманы 12 млн теңге қаражатты жымқырған

    Батыс Қазақстан облыстық прокурорлары бюджет қаражатының ірі көлемде жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

    «Прокурорлық тексеріс арқылы БҚО Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде өзінің карталық шотына заңсыз аудару жолымен 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды», — делінген прокуратура хабарламасында.

    Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркеліп, кейіннен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданып, тергеу нәтижесі бойынша іс сотқа жолданды.

    «Сот үкімімен әкімдік қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды», — делінген хабарламада.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    фото: ғаламтордан

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →