Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында жартылай финал белдесулері өтіп жатыр. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жерлесіміз жартылай финалда Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) Әзербайжан елінің өкілі Зелим Цкаевпен белдесті. Кездесу нәтижесінде жергілікті палуан басым түсіп, ақтық сынға шықты.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы 81 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ли Ен Хванды жеңген болатын.
Абылайхан бүгін кешке қола медаль жолында кезекті Әзербайжан өкілі Омар Раджаблимен күш сынасады.
Финалдар Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
