Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Киіз есік ашылып, шақыру шығады: waw.kz қазақ тойының шақыруын WhatsApp сілтемесіне сыйғызды • Нұрболхан Шарапов төрт қызына жеке үй алып беруді жоспарлап отыр • Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды • Киіз есік ашылып, шақыру шығады: waw.kz қазақ тойының шақыруын WhatsApp сілтемесіне сыйғызды • Нұрболхан Шарапов төрт қызына жеке үй алып беруді жоспарлап отыр • Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады • Қазақстандық шахматшылар сеньорлар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль алды • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды •

    Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін автобустар екі есе көбейеді

    Келесі жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүретін автобустар саны 2 есе көбейеді. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қатысуымен өткен өңірлердегі өндірісті одан әрі кеңейту және қызмет көрсету саласын дамыту мәселелеріне арналған бейне селекторлы жиында белгілі болды.

    Жиында Өзбекстанның Көлік министрлігіне келесі жылы кемінде тағы 1200 автобус сатып алып, маршруттарға шығару тапсырылды. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанға автобус қатынасының 2 есе көбейетіні хабарланды.

    Өзбекстанның әуе қатынасы нарығында да бәсеке пайда болды. Енді 6 жеке компания жұмыс істей бастайды. Жыл басынан бері 25 жаңа ұшақ жеткізіліп, 17 бағыт ашылды.

    Соған қарамастан саладағы қызмет көрсету көлемі бар болғаны 7,7 пайызға ғана өсті. Көлік министрлігінің алдына келесі жылы әуе тасымалы көлемін 20 пайызға арттыру міндеті қойылды. Осы мақсатта Ташкент қаласын облыс орталықтарымен байланыстыратын күн сайын кемінде екі рейс, облыс орталықтарын байланыстыратын аптасына кемінде бір рейс жасалады. Кемінде 7 ұшақ әкелініп, тағы үш халықаралық бағыт ашылады.

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →