Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы полициясы екі ұрыны ұстады

    Алматы полициясы екі ұрыны ұстады. Олар Шығыс Қазақстан облысы мен Екібастұздың тұрғыны, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Олар бір айдың ішінде 5 ұрлық жасаған.

    «Соңғы ұрлық қаланың Бостандық ауданында, қоғамдық көліктің салонында тіркелді: қаскөй жолаушының «Айфон» 11 ұялы телефонын ұрлап кеткен.  Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды.  Бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық істер теркелді.  Қазіргі уақытта күдіктілер қалада орын алған басқа да қалта ұрлығына қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр», — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

    Ұрылардың екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →