Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады •

    Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған қойылымның премьерасы өтті

    Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен 2023 жылдың 6 желтоқсанында Іле аудандық мәдениет үйінде «Қол» атты қойылымның премьерасы өтті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қойылымды мемлекеттік қызметкерлер, облыс тұрғындары мен жастар тамашалады.

    Туындыда қоғамның дерті – жемқорлық жайы оң қол мен сол қол арасындағы диалог арқылы боямасыз бейнеленді.

    Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау — әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы керектігін атап өтті.

    «Қойылымның атқарар жүгі қоғамымыз үшін өте өзекті. Көрініс мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, кез келген адамға үлкен ой салады», — деп пікірін білдірді Айдос Мамыт.

    Cондай-ақ іс-шара барасында облыстық «Адалдық алаңы» атты жемқорлық тақырыбындағы суреттер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →