Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр • Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр • Ормуз бұғазында мұнай танкеріне шабуыл жасалды • Қарттарға орын жоқ: депутат көпқабатты үйлерге жаңа талап енгізуді ұсынды •

    Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды

    Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыда 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы қарсаңында тәулік бойы «Жедел әрекет ету штабы» жұмыс істейді. Жылу болмаған, су аққан немесе ақау туындаған жағдайда тұрғындар 109 жедел желісіне, 225-14-31 нөмірі бойынша Бірыңғай диспетчерлік орталыққа, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарына жүгіне алады. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

    «Жылыту нысандарын орталық жүйеге қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен жылу әлеуметтік маңызы бар нысандарға – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарына және тұрғындар үшін маңызды басқа да нысандарға беріледі. Одан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге де нысандар жылу жүйесіне қосылады», – деді басқарма өкілдері.

    Тұрғындарға жылыту маусымы басталғанға дейін пәтерлердегі радиаторлар мен бекіту арматурасының жарамдылығын тексеру ұсынылады. Жылыту жүйесіне өз бетінше тиісуге, соның ішінде радиаторларды алып тастауға немесе жүйедегі суды ағызуға болмайды. Мұндай әрекеттер апатқа, жылыту жүйесінің жұмысы бұзылуына және тікқұбырлардағы жылудың өшуіне әкелуі мүмкін.

    Сондай-ақ, радиаторлар мен жылыту тікқұбырларына баратын жолды жауып тастауға немесе қалың пердемен жабуға болмайды, өйткені бұл жылу беруді төмендетеді. Жылу беріле бастаған алғашқы күндері қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды. Радиаторлар қатты қызуы мүмкін, сондықтан балалар мен үй жануарларына ерекше назар аудару қажет.

    Өтінішті 109 жедел желісі мен Бірыңғай диспетчерлік орталықтан бөлек, Open Almaty және e-Otinish сервистері арқылы, сондай-ақ басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жолдауға болады.

    Еске салайық, Алматыда жылыту маусымын 9 қазанда бастау жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →