Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды •

    «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті

    «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті

    Фото: видеодан скрин

    Алматыда өткен концерт кезінде Қайрат Нұртасқа фан-аймақтан телефонға немесе пауэрбанкке ұқсайтын зат лақтырылып, әншінің басына тиген,деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Оқиға әнші көрермендерге қарап ән орындап тұрған сәтте болған. Қайрат Нұртас жағдайға сабырмен қарап, тек жымиып қойған.

    Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне қатысты пікір білдіріп, оның реакциясын әзілмен талқылаған.

    «Жаным сол, қандай керемет, жай ғана жымиып тұр», – деп жазғандардың бірі.

    Ал кейбір қолданушылар Қайрат Нұртасқа зат лақтырылған жағдайды басқа әншілердің реакциясымен салыстырған.

    «Төреғали болса, бұлай қалмас еді», «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді», – деп әзілдеген олар.

    Қайрат Нұртас Алматыдағы Орталық стадионда 4 қазанда жеке концертін өткізді. Бұған дейін әнші Астанадағы «Астана Аренада» да ауқымды концерт берген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →