Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстан халқының саны — 20 миллион

    Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында хабарлап, ел халқын құттықтады.

    «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», — деп жазды Президент.

    Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамды құрағанын, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,41%-ға артық екенін жариялаған еді.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →