«Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты
Коллаж: ozgeris.info
Айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаеваның әнші Қайрат Нұртас туралы айтқан видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Ол әншінің жанкүйерлерінің жанашыр екенін жеткізген.
«Ән байқауында Қайратқа тиісемін деп өмірімде естімеген қарғысты естіп, біраз адамға жексұрын болғам. Айтайын дегенім: Жамбыл менің өз атым, халық менің шын атым. Яғни Қайрат халықты мойындатқан әнші. Қайратқа қарсы шығу, халыққа қарсы шығу. Оған сын айту, халыққа сын айтумен бірдей екен. Ол кезде Қайратқа байқаудың шартын орындамағаны үшін ренжіңкіреп сөйлегем. Бірақ Қайрат көп от пен судан аман келе жатқан бала. Әйтпесе Қайратты тек дала қазақтары ғана тыңдайды деген пікір де шыққан», деді ол.
