Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешітті ашуға дайындап жатыр • Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қорының» президенті болып тағайындалды • Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалып, 5 лауазымды тұлға қамауға алынды • «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешітті ашуға дайындап жатыр • Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қорының» президенті болып тағайындалды • Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалып, 5 лауазымды тұлға қамауға алынды • «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады •

    «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешітті ашуға дайындап жатыр

    «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешітті ашуға дайындап жатыр

    Фото: Қазақмыс

    Жезқазғандағы 3 000 адамға арналған жаңа облыстық мешіттің құрылысы аяқталуға жақын. Нысанның құрылысы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қаржыландыруымен жүзеге асырылуда. Таяуда мешіттің ашылу салтанаты болады, хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.  

    Жаңа мешіт қазірдің өзінде қала тұрғындарының назарын аударуда. Жезқазғандықтар нысанның ашылуын асыға күтіп, әлеуметтік желілерде мешіттің фотосуреттерімен және видеосымен бөлісуде.
    Қала тұрғындары мешіттің шаһар келбетінде ерекше орын алатынын атап өтуде.

    Жаңа мешіт қаланың орталық бөлігінде, Кеңгір су қоймасының жағалауына жақын жерде орналасқан. Қазіргі уақытта нысандағы ішкі әрлеу, инженерлік жүйелерді монтаждау және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында.
    Мешіт бір мезгілде 3 000 адамға дейін қабылдай алады және Ұлытау облысындағы ең ірі діни нысандардың біріне айналады.

    Жобаны іске асыру Қазақмыстың Жезқазған қаласы мен өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесінің бір бөлігі болып табылады. Компания қалалық ортаны дамытуға және қоғам үшін маңызды нысандарды салуға бағытталған жобаларды қолдайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →