Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстанда 100 жастан асқан 300 адам тұрады, ең қарты 116 жаста

    Еңбек министрлігі Қазақстанда 100 жастан асқан 300 адам тұратынын хабарлады. Ең қарт қазақстандық 116 жаста, ол Ұлытау облысында тұрады.

    Қазақстанда 100 жастан асқан 300 адам тұрады, ең қарты 116 жаста

    Сурет: istockphoto

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда зейнетақы алушылар арасында 100 және одан жоғары жастағы 300 азамат есепте тұрғанын мәлімдеді. Олардың ішіндегі ең қарты 116 жасқа толды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ұлытау облысында тұратын қария туған күнін атап өтті. Ол — еліміздегі ең үлкен жастағы адам.

    Жүзден асқан қариялардың саны бойынша Алматы көш бастап тұр: мегаполисте 100 жастан асқан 41 адам бар.

    Екінші орында — Түркістан облысы, мұнда 100 жастан асқан 32 адам тұрады.

    Үшінші орында — Алматы облысы, онда 100 және одан жоғары жастағы 25 адам бар.

    Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының тұрғыны (116 жас), Павлодар облысының тұрғыны (114 жас) және Қостанай облысының тұрғыны (111 жас) кірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →