Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму комитеті алғашқы отырысын өткізді

    Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің алғашқы отырысында Мемлекет басшысының азаматтық қоғам институттарына жүктеген міндеттері талқыланды.

    Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму комитеті алғашқы отырысын өткізді

    Сурет: turkystan.kz

    Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің тұңғыш отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының азаматтық қоғам институттарына жүктеген міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Негізгі күн тәртібін талқылауға Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаев қатысты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Отырыс барысында Халық Кеңесінің мүшелері өңірлік даму және кәсіпкерлікті қолдау, экология және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі салалық комиссияларға бөлінді. Сонымен қатар күн тәртібіне Комитет қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелері енгізіліп, салалық комиссиялардың ережелері бекітілді және жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды.

    Комитет төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Мемлекет басшысы бастамашы болған жалпыұлттық реформаларды іске асырудағы Халық Кеңесінің ерекше рөліне тоқталды. Оның айтуынша, ең алдымен қоғамдық кеңестермен жұмысты өзара үйлестіруге баса назар аударылады.

    «Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қызметі қоғамдық кеңестердің өзара іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғамның негізгі бастамаларын біріктіруге және сараптамалық тұрғыда қолдауға бағытталған. Жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамдық сұраныстарды анықтау, оларды сараптамалық тұрғыдан зерделеу және Қазақстан Халық Кеңесінің қарауына енгізу үшін нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болады», – деді Табиғат Зейнұлқабден.

    Сараптамалық талқылау мен пікір алмасу барысында қатысушылар бірқатар бастама мен ұсынысты ортаға салды. Ерлан Нысанбаев «Таза Қазақстан» экология мәселесін практикалық тұрғыда іске асыруда Қазақстан Халық Кеңесінің маңызды рөл атқаратынына мән берді.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің түп негізі» деп атап өтті. Шынында да, экология тек табиғатты қорғаудан тұрмайды. Оған азаматтық жауапкершілікпен, құқықтық санамен және болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз деп қарау керек. Экологиялық мәдениет біз үшін таңсық ұғым емес, ол ұлттық құндылықтарымыздың негізі. Халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек», «Судың да сұрауы бар» деген қанатты сөздері табиғатты қорғау мен аялау қанымызда ертеден бар қасиет екенін дәлелдейді. Осы ұстаным азаматтардың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс», – деді ол.

    Өз кезегінде «ECO Network» жобасының негізін қалаушы, EN Social қоғамдық қорының директоры Евгений Мухамеджанов жаңа Конституцияның құрылымы анағұрлым айқын екенін және мемлекетті дамытудың өзекті бағдарларын көрсететініне назар аударды. Ол маңызды өзгерістердің бірі ретінде экологиялық мәдениеттің ерекше мәртебесінің бекітілуін атап, оны қалыптастыру қажеттігін айтты. Осы мақсатта Халық Кеңесінің мүшесі бірқатар нақты шара ұсынып, озық халықаралық тәжірибелерімен бөлісті.

    «Бүгінде «Таза Қазақстан» – Президенттің Конституцияда бекітілген негізгі бағдарламаларының бірі. Оның маңызы ұлттық мәдениеттен де жоғары деңгейде айқындалған. Меніңше, бұл дұрыс, өйткені компаниялар әлі де қоршаған ортаға зиян келтіріп отыр. Табиғатты басты басымдық ретінде қарастыратын жүйеге көшкен кезде, Президент айтып отырған міндеттерді жүзеге асырып, барлық негізгі бағдарламаларды орындауға мүмкіндік аламыз. Сонда Конституция шын мәнінде біздің болашағымызды қорғайтын маңызды құжатқа айналады. Бүгінде Қазақстанның әр қаласында «Таза Қазақстан» қағидаттарын қалыптастыруға және еліміздің тұрақты дамуына үлес қосып жүрген пікірлес азаматтардан құралған қауымдастықтар жұмыс істейді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарымыз бен жинақтаған тәжірибеміз одан әрі нығая түседі деп сенеміз», – деген Е. Мухамеджанов отырысқа қатысушыларды цифрлық экологиялық жобалар мен модельдермен, соның ішінде мектептерге арналған арнайы мобильді қосымшамен таныстырды.

    Экономикалық даму тақырыбын Нұртай Сабильянов жалғастырып, өңірлердің әлеуетін арттырудың негізі ретінде шағын және орта бизнесті қолдау шараларын жүйелі түрде күшейту мәселесін көтерді.

    Комитет отырысында атап өтілгендей, келіп түскен бастамалар, оның ішінде экологиялық жобалар, ауылдық аумақтарды дамыту және кәсіпкерлікті қолдау шаралары оларды іске асыру және салалық мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты үйлестіру жөніндегі қорытынды жоспарға енгізілетін болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →