Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешітті ашуға дайындап жатыр • Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қорының» президенті болып тағайындалды • Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалып, 5 лауазымды тұлға қамауға алынды • «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • «Қазақмыс» Жезқазғандағы жаңа облыстық мешітті ашуға дайындап жатыр • Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қорының» президенті болып тағайындалды • Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалып, 5 лауазымды тұлға қамауға алынды • «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады •

    Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қорының» президенті болып тағайындалды

    Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Ырысқали Рақымұлы Дәуренбек «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті қызметіне тағайындалды.

    Ырысқали Дәуренбек «Отандастар қорының» президенті болып тағайындалды

    Сурет: oq.gov.kz

    Сыртқы істер министрінің бұйрығымен Ырысқали Рақымұлы Дәуренбек «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті қызметіне тағайындалды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол 1963 жылы Ұлытау облысында (бұрынғы Қарағанды облысы) Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Кәсіби біліктілігін ГФР-дағы «Philipps-University Marburg» университетінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академияда және ГФР-дағы «University Potsdam» университетінде шыңдаған.

    Еңбек жолын 1981 жылы бастаған. 1993 жылдан бері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде дипломатиялық қызмет атқарып келеді.

    Әр жылдары ҚР СІМ Бас консулдық басқармасының референті, атташесі, үшінші және екінші хатшысы, Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің консулы, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің консулдық бөлімінің меңгерушісі, Омбы қаласындағы (Ресей Федерациясы) Бас консулы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің консулдық-құқықтық және көші-қон бөлімінің бастығы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті Талдау және мониторинг басқармасының басшысы, ҚР СІМ Аппарат басшысының орынбасары, Консулдық қызмет департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

    2013-2018 және 2021-2024 жылдары Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің Бонн қаласындағы бөлімшесінің басшысы болды. 2024 жылғы желтоқсаннан бастап жаңа тағайындауына дейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

    Дипломатиялық дәрежесі – II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

    Мемлекеттік қызметтегі және дипломатиялық саладағы еңбегі үшін «Құрмет» орденімен (2026), «Шапағат» медалімен (2020), Нәзір Төреқұлов атындағы «Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалімен (2026), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2006), сондай-ақ бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

    1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған, 2001 жылы ресми түрде ақталған. Отбасылы, төрт баланың әкесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →