Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстандық оқушылар робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

    Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткізілген робототехника бойынша дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сайыста 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары бақ сынаған.

    Дода мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

    Робототехникадан дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды.

    Олар:

      • 2 орын (күміс) «Future Engineers» категориясында – астаналық 10-сынып оқушылар Ансар Саурбаев және Амир Карабаев;

     

      • 3 орын (қола) «Robo Mission» категориясында – Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров;

     

      • 3 орын (қола) «Future Engineers» категориясында – Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев.

     

    Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы ең алғаш 2004 жылы Сингапурда 1-роботтар сайыс- фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →