Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Аңшылар адамдарды ата бастады – ІІМ браконьерлік жайлы

    ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Әлішер Жармағамбетовтің айтуынша, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 300 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды, экологиялық құқық бұзушылықтар бойынша 304 сотқа дейінгі тергеу басталды.

     

    «Мемлекетке келтірілген шығын 13 миллиард теңгеден асады. Жалпы браконьерліктің себебі – адамдардың өздерінің заңсыз әрекеттерінің экожүйеге әкелетін салдарларының ауырлығын толық түсінбеуінде. Заңсыз, яғни орман, жануарлар, балық немесе жер қойнауы болсын табиғи ресурстарды бақылаусыз пайдалану ауданның бүкіл экожүйесіне кері әсерін тигізеді», — деді ІІМ өкілі.

     

    Жармағамбетов балық пен сүтқоректілердің уылдырық шашатын көктемгі кезеңінде, алғашқы қардың күзгі кезеңінде және жануарлардың ерекше осалдығы кезеңінде қорғау жұмыстары күшейтілетінін атап өтті.

     

    «Осы жылдың 20 қазанынан 19 қарашасына дейін ішкі істер министрлігі «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді, оның мақсаты жануарлар дүниесі, балық және орман шаруашылығы объектілерін, жер қойнауын заңсыз өндіру фактілерінің алдын алу және анықтау болып табылады. Іс-шара басталғаннан бері 61 қылмыстық және 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар аңшылар арасында қару-жараққа салғырт қарау және аң аулау ережелерін бұзу жағдайлары орын алып тұрады. Аңшылардың өздері немесе айналасындағы адамдар жараланып жатады», – деді ол.

     

    Дереккөз: ulysmedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →