Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нинбодағы әлем чемпионаты: Артем Антропов 110 келіде сегізінші орын алды • Ұлттық Банк атынан жалған хат таратып, ақша сұрайтын алаяқтар көбейді • «Оңашада жылап аламын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды • Министрге телінген жалған мәлімдеме үш тілде тарады • Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды • Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды • Нинбодағы әлем чемпионаты: Артем Антропов 110 келіде сегізінші орын алды • Ұлттық Банк атынан жалған хат таратып, ақша сұрайтын алаяқтар көбейді • «Оңашада жылап аламын»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды • Министрге телінген жалған мәлімдеме үш тілде тарады • Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды • Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды •

    Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орнына — 95 жыл

    Абай атандығы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіне — 95 жыл. Еліміздің тұңғыш жоғары оқу орнының мерейтойын кең көлемде атап өту басиалды. Мерейтойлық іс-шараға үкіметтің, академиялық және мәдени әлемнің көрнекті өкілдерін жинады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Салтанатты іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Ұлттық Ғылым академиясының, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

    Қонақтардың қатарында шетелдік дипломаттар, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары, университет түлектері, отандық және шетелдік серіктес компаниялардың өкілдері, белгілі ғалымдар мен сарапшылар, сондай-ақ мектеп директорлары мен университет ұжымы болды.

    Мерейтойға орай қызықты шығармашылық көрме ұйымдастырылып, оған Абай университеті мен Қазақстан этникалық дизайнерлер одағының қолөнер шеберлері өз жұмыстарын ұсынды.

    Салтанатты іс-шараның ашылуында Абай университетінің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп ұжымды мерейтоймен құттықтап, еліміздің тұңғыш жоғары оқу орнының қалыптасу тарихы мен оның бүгінгі жетістіктері туралы баяндады. Өз кезегінде жоғары оқу орын басшысы университет ұжымына білім мен ғылым саласындағы жемісті еңбектері үшін алғысын білдіріп, барша студенттер қауымына сәттілік тіледі.

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің бейне үндеуінде университет ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, университеттің білім мен ғылым саласындағы рөлін айқындап, алдағы бірқатар ғылыми мақсаттарды атап өтті. Сондай-ақ оқу орын ұжымына ҚР Мәдениет және ақпарат, Оқу-ағарту министрліктерінің басшылары да құттықтауларын жеткізіп, еліміздің тұңғыш педагогикалық университеті — Абай атындағы ҚазҰПУ-дың одан әрі табысты дамуына тілектерін білдірді.

    Іс-шара барысында университеттің тағлымды тарихы туралы, сондай-ақ оқу орнының қалыптасуына ұлт зиялылары – Ахмет Байтұрсынұлы, Темірбек Жүргенов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин сияқты көрнекті қайраткерлерімен қатар отандық зиялы қауымның қосқан елеулі үлесін баяндайтын деректі фильм көрсетілді.


    Университеттің білім мен ғылымды дамытудағы, әсіресе, осы бағыттар бойынша кадрлар даярлаудағы рөлін атап, әлемдік және отандық рейтингтердегі жетістіктері сөз болды. Кеште Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың өнер майталмандары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері, университеттің елге танымал түлектері Нұрлан Өнербаев пен Медеу Арынбаев бастаған өнер жұлдыздары, ұстаздары, дарынды жастары өнер көрсеткен мерекелік концертке ұласты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →