Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Министрге телінген жалған мәлімдеме үш тілде тарады • Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды • Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды • Роналду Қазақстанға қарсы үш матч өткізіп, екі гол соққан • Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады • Министрге телінген жалған мәлімдеме үш тілде тарады • Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды • Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды • Роналду Қазақстанға қарсы үш матч өткізіп, екі гол соққан • Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады •

    Министрге телінген жалған мәлімдеме үш тілде тарады

    Әлеуметтік желілерде туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа телінген жалған мәлімдеме үш тілде тарады. Хоккей федерациясы мен дезинформацияға қарсы күрес орталығы оны жоққа шығарды.

    Министрге телінген жалған мәлімдеме үш тілде тарады

    Сурет: inbusiness.kz

    Әлеуметтік желілерде Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа телінген жалған мәлімдемелер тарады. Жазбалар бірден үш тілде пайда болып, бірнеше сағат ішінде мыңдаған қаралым жинады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ресейлік хоккейшілерді бойкоттауды қолдау туралы жалған ақпарат орыс, чех және ағылшын тілдерінде X және Bluesky әлеуметтік желілеріндегі аккаунттар арқылы таратылды. Талдау көрсеткендей, таратушылардың географиялық орналасуы Шығыс және Орталық Еуропаның бірнеше елін қамтиды.

    X желісіндегі бастапқы жазба бірнеше сағат ішінде 12 мыңнан астам қаралым және 200-ден астам репост жинады. Бірдей тұжырымдардың әртүрлі тілдерде бір мезгілде таратылуы жалған ақпараттың үйлестірілген түрде таратылғанын көрсетуі мүмкін.

    Таратылған мәлімдемелерді Қазақстан хоккей федерациясының атқарушы директоры Рустам Ибраев та жоққа шығарды.

    «Бірқатар шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Қазақстан хоккей федерациясының ресейлік хоккейшілерді бойкоттауды қолдағаны туралы хабарлама таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) толыққанды мүшесі және өз қызметін оның жарғысы мен регламенттеріне қатаң сәйкес жүзеге асырады. Біз құрамалардың жіберілуі және әлем чемпионаттарына қатысушылардың құрамын қалыптастыру мәселелері IIHF-тің айрықша құзыретіне жатады және уәкілетті сот органдарының ұстанымы мен қолданыстағы халықаралық спорттық нормаларды ескере отырып шешілуі тиіс деп есептейміз. Қазақстан хоккей федерациясы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды, әділ спорттық бәсекелестікті және барлық қатысушылар үшін тең жағдайларды дәйекті түрде қолдайды», — деді ол.

    Дезинформацияға қарсы күрес орталығы министрге телінген мәлімдемелердің шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның ресми ұстанымы туралы ақпаратты осылайша бұрмалау халықаралық шиеленісті жасанды түрде ушықтыру үшін пайдаланылуы мүмкін екені айтылды.

    Азаматтарды әлеуметтік желілердегі жазбаларға сыни көзқараспен қарауға және мұндай хабарламаларды ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →