Нинбодағы әлем чемпионаты: Артем Антропов 110 келіде сегізінші орын алды
Нинбодағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Артем Антропов 110 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 393 кг жинап, сегізінші орын алды.
Сурет: inbusiness.kz
Нинбо қаласында (Қытай) ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аясында ерлер арасында 110 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс өтті. Қазақстан атынан бұл бағдарламада Артем Антропов сынға түсті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оның қоссайыс қорытындысы бойынша жинаған салмағы 393 килограмм болды. Жұлқи көтеруде Антропов 167 килограммды бағындырса, итеру жаттығуындағы ең үздік нәтижесі 226 килограммға тең болды. Осылайша қазақстандық спортшы жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтады.
Әлем чемпионы атағын Өзбекстаннан келген Акбар Джураев жеңіп алды, ол қоссайыста 432 (198+234) кг көрсетті. Күміс медаль Иран өкілі Алиреза Насириге бұйырды — 418 (185+233) кг. Жүлдегерлер үштігін Түрікменстаннан Шахзадбек Матякубов қорытындылады, оның нәтижесі 417 (187+230) кг.
Бұған дейін Нинбодағы әлем чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы 95 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алғанын еске саламыз.
