Астанада мас ер адам зейнеткерді ұрып, оны қорғаған қызға шабуыл жасады
Астанада мас ер адам зейнеткерді ұрып, оны қорғаған қызға шабуыл жасады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмыстық іс қозғалды.
Видеодан кадр
Астанада мас күйдегі ер адам зейнеткерді ұрып, оны қорғауға түскен қызға шабуыл жасады. Оқиға Майлин көшесіндегі №23 үйдің ауласында болған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 28 жастағы ер адам алкогольдік мас күйде ешқандай себепсіз орындықта отырған қарт адамды бірнеше рет ұрған.
Қыз зейнеткерді қорғауға тырысқан, алайда агрессор оған да лап қойған. Ер адам оны қуып жетіп, бірнеше рет ұрған. Жағдайға жүргіншілер араласқан.
Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
