Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    «Самұрық-Қазынаны» басқару кеңесін тарату туралы заң қабылданды

    Бұл кеңесті Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарды. Кеңес қордың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеген консультативтік-кеңесші орган болды. Заң жобасы президентке қол қоюға жіберілді.

    Еске салайық, қыркүйекте Назарбаев соңғы мемлекеттік лауазымынан айырылды.

     

    «Қорды басқару кеңесін тарату туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, «Тұңғыш президент – Елбасы туралы» заң жойылды. Бұл заң күшін жойса да, басқа заңдарда осы заңға сілтемелер болды. Міне, сол түзету жай ғана алынып тасталды. Яғни, мұның бәрі «Тұңғыш президент туралы» заңның күшін жою аясында атқарылып жатыр», — деп түсіндірді депутат Берік Бейсенғалиев.

     

    Сондай-ақ, шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты өз атымен аталатын мектептер, ЖОО және қордың жоғарғы кеңесі басшысы мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.

    Бұдан бұрын әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстан заңдарын тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше мәртебе мен артықшылық беретін нормалардан «тазарту» процесі жалғасып жатқанын мәлімдеді.

    Дереккөз: ulysmedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →