Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады «Құлағалы тұр»: Абай облысында тұрғындар қауіпті аялдаманы жөндеуді талап етті «Не пәтер жоқ, не ақша жоқ»: Тұздыбастаудағы «Elite Home» ТК үлескерлері биліктен көмек сұрады Павлодарда алма ағашының түбінен 24 млн теңге табылды «Алтыным, сен ауырмашы»: Жігер Ауыпбаев жас әйелінің сырқаттанып қалғанын айтты Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады

    Биыл 99 адам полицияға пара беру кезінде ұсталған

    Биыл полицияға пара ұсынған 99 адам ұсталған. ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басқарма бастығы Әділғожа Құсайынов хабарлады. Былтыр полиция қызметкерлеріне пара ұсынған 103 азамат анықталса,  биыл 99 факті тіркелген.

    «Пара берушілердің көбіне пара сомасының 20-дан 30-ға дейін еселенген мөлшерінде айыппұл салынды, ал кейбіреулері бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне сотталды. Полицейлерге пара ұсынғаны үшін Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осы баптың санкциясы айыппұлды не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруды көздейді. Өкінішке қарай, көбінесе парақорлыққа бастамашылықты адамдардың, әсіресе көлік жүргізушілерінің өздері жасайды, олар осындай жолмен заңмен белгіленген жауапкершіліктен құтылуға тырысады.», — деді ол.

    Оның айтуынша, пробация қызметінің қызметкеріне 10 мың теңге мөлшерінде пара ұсынғаны үшін Алматы қаласының тұрғыны, бұрын сотты болған азамат 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылған.

    «Түркістан облысында әкімшілік жауапкершілікке тартпау фактісі бойынша полиция бөлімі бастығының орынбасарына 50 мың теңге пара бергені үшін ер адамға 750 мың теңге айыппұл салынды. Астана тұрғынына 562 мың теңгеге айыппұл салынды, ол көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапкершіліктен құтылу үшін патрульдік полицейге 50 мың теңгені «Каспий» арқылы аударған. Парасатты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты полицейсіз құқықтық тәртіп саласында азаматтармен серіктестік қатынастар орнату мүмкін емес», — деді Құсайынов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →