Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 12 қыркүйек 2026 $ 455,6 530,2 5,36
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды Атырау облысында медпункт күзетшісі электр генераторының қасында қаза тапты Петропавл маңындағы өрт: 110 адам мен 31 техника жалынмен күресуде Журфак ұстаздары жұмыстан кетті: Темірғали Көпбай мәлімдеме жасады Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ескерту жасалды Есік алдындағы төсеніш үйге ақша мен тыныштықтың келуіне әсер етеді Тоқаев: Ұлттық спорт пен олимпиадалық спорт түрлері заң жүзінде тең мәртебеге ие болды

    Ең көне мешіт

    Сапар кезінде Диджле университетінде Қазақстанда туып-өскен Ольга есімді жерлесімізді кездестірдік. Университетте болған іс-шараға ол аудармашы ретінде шақырылған. Ольға біздің Қазақстаннан келгенімізді естіп танысуға өзі келді. Осыдан 24 жыл бұрын бақытын Түркиядан тауып қоныс аударған. Бүгінде сол жақтың азаматы. Газиентеп қаласында тұрады. Аудармашы әрі тұрғындарға орыс тілінен сабақ береді екен. Ол Қазақстаннан қонақтар келді дегенде орнымда отыра алмадым дейді. Көзінде туған жеріне, алыстағы жақындарына деген сағыныш бар. Соңғы рет Алматыда 2019 жылы болыпты. Бір күнін бізге арнады. Біздер үшін аудармашы болды. Түстен кейін қаланы аралауға бірге шықты. Бізді ең көне мұсылман мешітімен таныстырды. Қолынан келген көмегін аямай, жақындарын көргендей болғанын жасырмады. Қандай да қажеттілік болса көмектесуге дайын екенін айтты. Менде оған сәттілік тіледім.

    Жерлесіміз Ольга бізге ең көне мешіттің тарихын айтып берді. Бұл түрік жеріндегі ең алғашқы мұсылман мешіті саналады. Құрылысы 1091 жылы салынған. Бастапқыда шіркеу болған. Кейін мұсылмандар Диярбакыр қаласын жаулап алғаннан кейін мешітке айналған. Қазір қаладағы ең көне әрі ең үлкен орталық мешіт болып саналады. Мұнда 25-30 мың адам бір сәтте намазға жығылады.

    Туристердің назарын аударатын тағы бір жәдігер ол осы көне мешіттің аумағында тұрған күн сағаты. Осы күн сағатына түскен көлеңкеге қарап мұсылмандар намаз уақытын анықтаған. Айтуларынша сағат осыдан 800 жыл бұрын қойылған.

    Көне мешіт пен сағатты көру үшін жыл сайын орта есеппен 500-800 мың турист келеді.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →