Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Австралияда адам денесін топыраққа айналдыруға рұқсат беретін заң қабылданды • Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде әскери реформаны талқылады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде •

    Түркістан облысында ұрылардан 3 млн теңге талап еткен подполковник сотталды

    Түркістан облысында мал ұрлағандарды босату үшін ақша талап еткен полицей үш жылға сотталды. Бұл туралы Төлеби аудандық соты мәлім етті, деп хабарлайды qazaq.today ақпараттық агенттігі Azattyq Rýhy-қа сілтеме жасап. 

    Төле би аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы бірінші орынбасары қызметін асыра пайдаланып, алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды. Төлеби аудандық сотынның дерегінше, лауазымды тұлға мал ұрлаған қос күдіктінің әрекетін жабу үшін 3 млн теңге бопсалаған. Алайда бөтеннің мүлкін өзінің қызмет бабын пайдалана отырып иемденген полицей ұрлық жасағандарға көмектесе алмаған. Айыпталушы өмір бойына мемлекеттік ұйымдарда қызмет ете алмайтын болды. Ол сондай-ақ, подполковник шенінен де айрылды.

    «Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың сот талқылауындағы айғақтарымен, тергеу әрекетінің хаттамаларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесімен және заттай дәлелдемелермен дәлелденген. Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Ол мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды және үш жылға сотталды» делінген сот үкімінде.

    Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →