Дариға Бадықова жұбайының подиумдағы образын әзілмен сүйсініп тамашалады
Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абайдың ARUNAZ Fashion Show 2026 сән көрсетіліміндегі подиумдағы образын әзілмен сүйсініп, желі қолданушыларының назарын аударды.
Сурет: sn.kz
Танымал актриса Дариға Бадықова жұбайы Олжас Абайдың сән көрсетілімінде модель ретінде подиумға шыққан сәтін жариялап, желі қолданушыларының назарын аударды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өнер иесі Instagram парақшасында Алматыда өткен ARUNAZ Fashion Show 2026 сән кешінен видео бөлісті. Кадрларда актердің қою қызыл түсті, ою-өрнекпен безендірілген ұзын шапан киіп, көк жейде мен қара көзілдірік таққанын көруге болады.
Жұбайының образына сүйсінген Дариға Бадықова әзіл аралас пікір қалдырды.
«Жігітім күннен күнге бетімен кеткен краш болып бара жатыр, иә?» – деп жазды актриса.
Актердің сән көрсетіліміндегі образы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Кейбірі оны Сұлтан Сүлейменге ұқсатса, енді бірі киім үлгісінің Дариғаның стиліне ұқсай бастағанын әзілге қосты.
«Сұлтан Сүлейменге Хюррем сұлтан махаббат көзімен қарап отыр. Әдемі жұп», «Дариға киетін киімді Олжасқа кигізіп қойған сияқты», «Дариғаның Сүлеймен сұлтаны болып тұр», «Бөлексіз», «Модельжан», «Әрдайым орындарыңыз төрден болсын», – деп жазды желі қолданушылары.
