Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 30 қараша 2026 $ 458,1↑€ 501,5↑₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақбота-Нұр Сейітмағамбет сүйіктісіне Балиден романтикалық жазба арнады

    Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Балиде түсірілген видеосын жариялап, сүйіктісіне романтикалық жазба арнады. Жазба соңында «JM» әріптері қалдырылған.

    Ақбота-Нұр Сейітмағамбет сүйіктісіне Балиден романтикалық жазба арнады

    Фото: әлеуметтік желі

    Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жүрегінің таңдауына арнап, тағы да әсерлі жазба жариялады. Бұл жолы да ол сүйіктісінің есімін атамай, жазба соңына «JM» әріптерін қалдырған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өнер иесі Instagram парақшасында Индонезияның Бали аралында түсірілген бейнежазбасын жариялап, сүйіктісінің жанында өзін бақытты сезінетінін жеткізді. Сонымен қатар онымен болашағын бірге елестететінін жазды.

    «Сенің жаныңда әйел болып еркелеудің, шын ғашық болудың, сүйікті болудың қандай бақыт екенін сезіндім. Сенің құшағың – менің тыныштығым. Мен сені бүгінімнен ғана емес, болашағымнан да көргім келеді. Жылдар өтсе де бір-бірімізге ғашық болып қалсақ деймін. Менің жүрегімнің таңдауы – сен, JM», – деп жазды әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →