Мөлдір Мұқан қызына: «Әке жолын қума!»
Әнші Мөлдір Мұқанның қызы Айым 18 жасқа толды. Анасы қызын құттықтап, «Әке жолын қума!» деп тілек айтты. Желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
Сурет: sn.kz
Әнші Мөлдір Мұқанның қызы Айым күні кеше 18 жасқа толды. Анасы мен бауырлары оны туған күнімен құттықтады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мөлдір қызын еркелетіп, тілегін айтты. Алайда сөз арасында қызының әкесіне ұқсағанын қаламайтынын да жеткізіп қалды.
«Айым болып тудың ба? Күнім болып тудың ба? Әке жолын қума! Бақытты бол, қызым», — деді ол.
Оқырмандар бұл сөзге түрлі пікір білдірді. «Қызы ойланып қалды ғой», «Әке жолын қума дегені өтті», «Күліп тұрғанмен көңілі босап отыр», «Әкесін жексұрын қылып көрсете бермеу керек», «Әкесіне қарсы қоймау керек баланы», «Қандай болса да әкесі ғой», — деп жазды желі қолданушылары.
