Чесноков «Динамомен» матчта 6,4 балл алды
Ресей Премьер-лигасының 16-турында «Крылья Советов» пен «Динамо» 0:0 есебімен тең түсті. Ислам Чесноков 6,4 балл алды.
Сурет: sports.kz
Ресей Премьер-лигасының 16-турында «Крылья Советов» мен Мәскеудің «Динамо» командалары кездесті. Самарада өткен матч 0:0 есебімен тең аяқталды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноков алаңға 62-ші минутта шықты. 63-ші минутта ол сары қағаз алды, ал 85-ші минутта ауыстырылды. Статистикалық портал футболшыға 6,4 балл қойды.
Самара командасының ойыншылары арасында ең жоғары бағаны Сергей Божин алды — 8,0. Мәскеулік «Динамо» сапында Рубенс пен Николас Маричаль үздік атанды, олар 8,1 балл жинады.
16 турдан кейін «Динамо» 33 ұпаймен Ресей чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орында тұр. «Крылья Советов» 19 ұпаймен тоғызыншы орында.
