Жанаргүл Жаныаманова баласынан айырылу қайғысы мен өзін кінәлаумен күресін айтты
Жанаргүл Жаныаманова баласынан айырылу қайғысы мен өзін кінәлаумен күресін Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты. Желі қолданушылары қолдау білдірді.
Сурет: sn.kz
Театр және кино актрисасы Жанаргүл Жаныаманова баласынан айырылу қайғысын және сол қасіреттен кейін өзін кінәлаумен қалай күрескенін жұртшылыққа жеткізді. Бұл туралы өнер иесі Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Актрисаның сөзінше, жақынынан айырылған адам ең алдымен өзін кінәлайды, «сол кезде басқаша әрекет етсем, бәрі өзгеше болар ма еді?» деген ойға беріледі.
«Жақының материалдық өмірден өтіп, мәңгілік өмірге кеткен кезде, барлық адамға тән ой шығар. Өз-өзіңді кінәлау болады. Бірінші кезекте сонымен күресу қиын. Біреу дәрігерді кінәлап жатады, біреу соған себепкер болған жандарды кінәлап жатады. Өзің, бірінші кезекте, адам өзін кінәлайды. Сол кезде “былай жасағанымда”, “бәрі басқаша болғанда”, “осыны дұрыс жасамадым” деген кінәлаулар болады», – деді өнер иесі.
Актрисаның жан сырын тыңдаған желі қолданушылары оған жылы сөздерін арнап, қолдау білдірді.
