Қуандық Рахым концертте микрофон құлап, күлкіге ерік берді
Қуандық Рахым концертте «Ей, қыздар» әнін орындап жатқанда микрофон құлап, әнші күлкіге ерік берді. Желі қолданушылары оқиғаға әзілмен қарады.
Сурет: sn.kz
Әнші Қуандық Рахым концерт барысында күтпеген жағдайға тап болды. Ол домбырамен «Ей, қыздар» әнін орындауға кіріскен сәтте екінші микрофоны төмен қарай құлап, ән айтуына кедергі келтірді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Микрофонды бірнеше рет түзеп, әнін жалғастыруға тырысқанымен, құрылғы қайта-қайта сырғып түсе берген. Ақыры әнші бұл жағдайға шыдай алмай, күлкіге ерік берді. Онымен бірге залдағы көрермендер де ду күлді.
Сахнадағы келеңсіздіктен кейін әншіге көмектесу үшін досы да сахнаға шығуға мәжбүр болды.
Видеоға пікір қалдырған желі қолданушылары оқиғаға әзілмен қарады. «Қыздарға келгенде микрофонның бұлай жасағаны болмады. Қыздар туралы айтпасын деп тұрған шығар. Әншінің күлкісі ерекше», – деп жазды олар.
