Дана Нұржігіт Алла Пугачеваның қартаюын табиғилық деп бағалады
Дана Нұржігіт Алла Пугачеваның жасын жасырмай, табиғи қалпын сақтап жүргенін атап, шынайы талантты бағалау керектігін жазды.
Сурет: sn.kz
Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт ресейлік әнші Алла Пугачева туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Онда ол әншінің жасын жасырмай, табиғи қалпын сақтап жүргенін атап өтті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Ол осылай өмір сүрді және әлі де солай өмір сүріп келеді. Ешқандай сүзгісіз… Бұрын да солай болған! Қазір де солай… Қартаю… Шынайы, еш боямасыз… Қартаюдың табиғи көрінісі… Әжімдер, әлсіреген дене… Инстаграмдағыдай жасанды сұлулықсыз, міндетті позитив пен түрлі хайлайтерлерсіз…», – деп жазды тележүргізуші.
Өз ойын жеткізу үшін ол орыс жазушысы Николай Гогольдің шығармасынан үзінді келтірген.
«Гоголь қалай айтып еді: Сен бізді әрдайым мұнтаздай таза, қырынған, фрак киген күйімізде көргің келеді. Жоқ, сен бізді қарапайым, келбетіміз келіспеген қалпымызда да сүй. Ал әдемі кезімізде бізді кез келген адам жақсы көреді», – деп жазды ол.
Дана Нұржігіт Алла Пугачеваның өнеріне деген құрметі оның жасына немесе сыртқы келбетіне байланысты өзгермейтінін жеткізді.
«Шынайы талантқа деген шексіз махаббат бар! Ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпайтын, әрдайым жаңалық болып қала беретін бірегей талантқа деген махаббат!», – деп түйіндеді ол.
Осылайша, тележүргізуші әншінің жасын жасырмауын табиғилықтың көрінісі ретінде бағалап, адамды сыртқы келбетіне қарап емес, таланты мен өнеріне қарап құрметтеу керектігін меңзеді.
