Олжас Абайдың биі желіде танымал болды, Дариға Бадықова күйеуін мақтады
«Соңыра» фильмінің актері Олжас Абайдың би видеосы әлеуметтік желіде танымал болды. Дариға Бадықова күйеуін мақтап, желі қолданушылары актердің харизмасын атап өтті.
Фото: Видеодан алынған кадр
«Соңыра» фильмінің актерлері әлеуметтік желіде танымал би қозғалысына қатысып, бейнежазба жариялады. Актер Олжас Абайдың билеген видеосы көпшіліктің назарын аударды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жарияланған бейнежазбаға актриса Дариға Бадықова да пікір білдіріп, бірге билеген жігіттерді мақтады. Ол әсіресе күйеуі Олжас Абайға ерекше ықылас танытты.
«Соңыраның» краштары. Менің жігітім биді жыртып тұр», – деп жазды актриса.
Желі қолданушылары да актердің биіне тәнті болып, оның қимылы мен харизмасын атап өтті.
«Дариғаның күйеуін-ай. Қалай жеңіл қимылдайды. Харизмасы білінеді», – деп жазған оқырмандар.
