Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді •

    Өзбекстанның 100-ден астам компаниясы Алматыда сауда және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды

    Өзбекстанның 100-ден астам компаниясы Алматыда сауда және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды

    Фото: Алматы қаласы

    Алматыда екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдерін біріктірген Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өтті. Іс-шараға сауданы, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі Өзбекстанның 100-ден астам компаниясының өкілдері қатысты.

    Іс-шара «Өзбекстан – Қазақстан: өнеркәсіптік кооперация, сауда және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбында өтті

    Форум барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық байланыстың жүйелі түрде нығайып келе жатқанына тоқталды. Екі мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі 2030 жылға қарай өзара тауар айналымын 10 млрд долларға дейін жеткізу.

    2026 жылы қаңтар-қыркүйек айларында Алматы мен Өзбекстан арасындағы сауда көлемі 804 млн долларға жетті. Шаһарды өзбек капиталы бар 10 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген. Олардың негізгі қызмет бағыттары – сауда, құрылыс, логистика және қызмет көрсету саласы.

    Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов екі ел арасында жалпы құны шамамен 8 млрд доллар болатын 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.

    Форум аясында кәсіпкерлер инвестициялық және өнеркәсіптік мүмкіндіктерін таныстырып, G2B және B2B форматында тікелей келіссөздер жүргізді, бірлескен өндірістерді іске қосу және сауда байланысын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

    Сондай-ақ делегация үшін кәсіпорындарға бару және бес бағыт бойынша тақырыптық кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтсақ, олар девелопмент және туризм, мал шаруашылығы, HoReCa (қонақ үй және қоғамдық тамақтану саласы), сауда және өнеркәсіп.

    Іс-шараны Өзбекстанның Қазақстандағы Елшілігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Өзбекстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.

    Өткізілген кездесулер екі ел кәсіпкерлеріне тікелей іскерлік байланыс орнатуға және бірлескен жұмыстың жаңа мүмкіндіктерін талқылауға жол ашты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →