Айдана Меденова Мақпал Жүнісованың сынына келеке жауап қайтарды
Айдана Меденова Мақпал Жүнісованың сынына келеке жауап қайтарып, әлеуметтік желіде жабысқан киіммен сурет жариялады. Желі қолданушылары оның сөзін орынсыз деп сынады.
Сурет: sn.kz
«Кешью» тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова әнші Мақпал Жүнісоваға жауап беріп, оның сынын келеке етті. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы жазады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Меденова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тағы да жабысқан киіммен сурет жариялап, қысқа жазба қалдырды. «Барып уборка жасайын бүгін», – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісоваға Меденованың жабысқан сахналық киімі ұнамай қалған еді. «Мен мұндай лосинамен үйде уборка жасаймын», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің Жүнісоваға қарата жазылған бұл сөзін орынсыз деп сынады. «Мақпал сахнаның мәдениетін біледі», «Мынау хиджаб шешпей жүр екен ғой», «Мақпалдың сөзін әзілге айналдырып тұр ма», «Үлкенмен салғыласып», – деп жазды оқырмандар.
