Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді •

    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті актриса Дариға Бадықова мен «Соңыра» фильмінің түсірілім тобын салтанатты қарсы алғаны үшін сынға қалды. Департамент іс-шараның мақсатын түсіндірді.

    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен «Соңыра» фильмінің түсірілім тобын салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видео белгілі болды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Видео «Соңыра» фильмінің Instagram парақшасында жарияланған. Кадрлардан қызметтік киімдегі мамандар мен арнайы техниканы көруге болады. Желі қолданушылары шығармашылық топты неге мұндай салтанатпен қарсы алғанын сұрап, сын айтты.

    Сынға ұшыраған соң, департамент іс-шараның мақсатын түсіндірді. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі іс-шара құтқарушылардың жұмысын таныстыру мақсатында өткізілгенін мәлімдеді.

    «Аталған іс-шараның өткізілуі тек өкілдік және ұйымдастырушылық сипатқа ие болды. Оның негізгі мақсаты – құтқарушылар қызметін кеңінен насихаттау және олардың қоғамдағы беделін арттыру. Қызметкерлердің іс-шараға қатысуы бөлімшелердің жедел әзірлігіне ешқандай кері әсерін тигізген жоқ. Жеке құрам мен арнайы техника негізгі қызметтік міндеттерді орындаудан алаңдатылған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →