«Ішін ұстай берді»: Дариға Бадықованың қазіргі күйі талқыға түсті
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықованың видеосы қызу талқыланды, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпарат порталы.
Актрисаның фильмінің жабық көрсетілімінде түсірілген видео желіде тарады. Кадрлардан Дариғаның ішін бірнеше рет ұстап тұрғанын байқауға болады. Осыған байланысты желі қолданушылары оның жүкті болуы мүмкін екенін болжай бастады.
«Дариғаның аяғы ауыр ма? Ішін ұстай берді ғой», – делінген видеоның жазбасында.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, актрисаға ақ тілектерін жаудырды.
«Әумин, балалы болсын», «Өзі әдемі болып кетіпті», «Әйел бақытын тілейміз», «Олжас екеуі ұл-қызды болсын», – деп жазды көпшілік.
