Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) • Біл ордасындағы былық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тағы бір студенті өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстанның өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 35%-ға өсті • BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемдегі ең үздік 20 бағыттың қатарына қосты • Ұлттық ұлан кинология орталығында 24 күшік қызметке дайындалып жатыр • Ақтөбеде үш жігіт лифт ішінде бұзақылық жасап, ойран салған (ВИДЕО) • Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) • Біл ордасындағы былық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тағы бір студенті өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстанның өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 35%-ға өсті • BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемдегі ең үздік 20 бағыттың қатарына қосты • Ұлттық ұлан кинология орталығында 24 күшік қызметке дайындалып жатыр • Ақтөбеде үш жігіт лифт ішінде бұзақылық жасап, ойран салған (ВИДЕО) •

    Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО)

    Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО)

    Фото: ашық дереккөз

    Алматыдағы құрылыс дүкендерінің бірінде қыз әріптесінің өзіне қол көтергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиғадан кейін дене жарақатын алған. Алайда құқық қорғау органдары арызын тіркеуге және сот-медициналық сараптамаға жіберуге асықпаған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қыз болған жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның сөзінше, спорт шебері атағы бар әріптесі оны соққыға жыққан.

    «Спорт шебері атағы бар әріптесім мені ұрып-соқты. Екінші күн болды, арызымды әлі тіркей алмай жатыр. Соққы іздері басылғанша күтіп отыр, сараптамаға жібермейді. Миым шайқалған, көру қабілетім – минус 2», – деп жазды алматылық тұрғын.

    Алматы қалалық Полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, әріптестер арасында жанжал туындап, оның барысында ер адам әйелге күш қолданған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    «Тергеу барысында оқиғаның қосымша мән-жайын анықтауға мүмкіндік берген бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді. Атап айтқанда, әйелдің де әріптесіне соққы жасағаны тіркелді. Оның әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Полиция қылмыстық істі тіркемеді және сот-медициналық сараптама тағайындамады деген тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп мәлімдеді ведомство.

    Қазір тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →