Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады
Әлеуметтік желіде актер Асанәлі Әшімовке берілген астан видео тарады. Жиында марқұмның жұбайы Бағдат Әшімова актердің ұрпақтарын көпшілікке таныстырды.
Фото: Видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде актер Асанәлі Әшімовке арналған астан түсірілген видео жарияланды. Жиын барысында марқұмның жұбайы Бағдат Әшімова актердің ұрпақтарын көпшілікке жеке-жеке таныстырған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Ағамыздың жасамаған жасын ұрпақтары жасасын! Қабыл болсын», – делінген видеоның сипаттамасында.
Жазбаға пікір қалдырған желі қолданушылары актерді еске алып, оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. «Жатқан жері жайлы болсын», «Ұрпағымен мың жасасын», «Ниеттері қабыл болсын», – деп жазды олар.
