Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Вячеслав Эрбес Қазақстан құрамасының Молдоваға есе жіберуін талдады • Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден өтті • Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары шекараны жеке куәлікпен өтуі мүмкін • «Барыс» Дмитрий Николаевпен келісімшарт жасады • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Вячеслав Эрбес Қазақстан құрамасының Молдоваға есе жіберуін талдады • Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден өтті • Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары шекараны жеке куәлікпен өтуі мүмкін • «Барыс» Дмитрий Николаевпен келісімшарт жасады •

    Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген

    Алматыдағы Қонаев көшесі, 99А мекенжайындағы құрылыс алаңында ГАСК тоқтатқан жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген. Тұрғындар қауіпсіздікке алаңдап, жауапты мекемелерден түсініктеме күтіп отыр.

    Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген

    Дереккөз: @almatyny.ayalaiyq

    Видеодан кадр

    Алматы қаласындағы Қонаев көшесі, 99А мекенжайында құрылыс жұмыстарына қатысты тұрғындар шағымданып отыр. Олардың айтуынша, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) құрылысты тоқтатып, қазылған шұңқырдың қабырғаларын нығайтуды міндеттеген. Алайда тұрғындар мердігер ұйым тек қауіпсіздік шараларын орындаудың орнына бірнеше күн бойы жер қазу жұмыстарын жалғастырғанын мәлімдеді. Олардың көзбен шолып бағалауынша, қазаншұңқырдың тереңдігі бұрынғыдан екі есеге жуық ұлғайған. 13 қарашада жұмысшылар шұңқыр қабырғаларын нығайтуға кіріскені байқалғанымен, тұрғындар құрылысқа қойылған шектеудің қаншалықты сақталғанына күмән келтіріп отыр. Енді Алматы қаласының жауапты мекемелері құрылыс жұмыстарының заңдылығын тексеріп, тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты нақты түсініктеме беруі тиіс.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →