Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада 11-орынға тұрақтады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында 61,03 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады. Еркін бағдарлама 16 қарашаға қараған түнде.
Сурет: sports.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясы кезеңінің қысқа бағдарламасында өнер көрсетті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі төрешілерден 61,03 ұпай алып, турнир кестесінде 11-орынға жайғасты.
Көш басында 82,20 ұпай жинаған жапон сырғанаушысы Ами Накаи тұр. Екінші аралық орынды бейтарап мәртебеде сырғанайтын ресейлік Александра Игнатова (74,24) иеленді. Үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Ким Ю Чжэ (73,92) түйіндеді.
Еркін бағдарлама 16 қарашаға қараған түнде өтеді.
