Загребтегі дзюдо Гран-приі: Қажыбаев қола жүлде үшін белдеседі
Загребтегі дзюдо Гран-приінің соңғы күнінде Ерасыл Қажыбаев 100 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін грузиялық Саба Инанеишвилимен белдеседі.
Сурет: ҰОК
Загребте (Хорватия) дзюдодан Гран-при турнирінің соңғы жарыс күні жалғасуда. Қазақстан атынан Ерасыл Қажыбаев 100 келіден жоғары салмақта финалдық кезеңге жолдама алды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Отандасымыз ширек финалда Ушанги Кокауримен (Әзірбайжан) кездесіп, қарсыласына жол берді. Алайда жұбаныш белдесуінде хорватиялық Никита Свиридті айқын басымдықпен жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Осылайша Ерасыл Қажыбаев қола медаль үшін өтетін кездесуде Саба Инанеишвилимен (Грузия) белдеседі.
Сондай-ақ Аида Тойшыбекова 78 келіден жоғары салмақтың жұбаныш белдесуінде Польша өкілі Кинга Вольшчакқа жол берді.
Ал Екатерина Токарева (78 келі), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары), Нұржан Бисенов (90 келі), Ермахан Әнуарбеков (90 келі), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) жарысты ерте аяқтады.
