Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова 106 жасында дүниеден өтті
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 106 жасында дүниеден өтті. Ол ұлттық телеарна тарихының бастауында тұрған тұлға ретінде есімін қалдырды.
Сурет: qaz365.kz
Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторларының бірі Зұлқия Мұқанқызы Жұматова 106 жасында өмірден өтті. Бұл туралы отандық телевизия маманы Сәуле Жиреншина әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Зұлқия Жұматова ұлттық телеарна тарихының бастауында тұрған, эфир мәдениетінің қалыптасуына үлес қосқан тұлғалардың қатарында. Диктор мамандығы сауатты сөйлеуді, анық дикцияны және жоғары кәсібилікті талап етеді. Ол осы саланың алғашқы өкілдерінің бірі ретінде қазақ телевизиясының тарихында есімін қалдырды.
Зұлқия Мұқанқызы 1920 жылы 20 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Балалық шағы мен жастық кезеңі қиыншылықтарға толы болды. 15 жасында анасынан айырылып, қиындық көрді.
1958 жылы Алматы телестудиясы ашылғанда, дикторлар байқауына қатысып, іріктеуден өтті. Ол қазақ тіліндегі алғашқы тікелей эфирлерді жүргізіп, теледидар көрермендерімен тікелей қауышқан тұңғыш диктор атанды.
Телевизияның алғашқы жылдарында арнайы құралдар да, алдын ала жазылған дайын мәтіндер де болмаған кезде эфир жүргізді. Оның теледидар саласындағы үздіксіз еңбегі қазақ эфир мәдениетінің мектебіне айналды.
Журналистикадан бөлек, әдебиетке де ден қойып, балаларға арналған өлеңдер мен ертегілер жазды. Соның ішінде «Бөбегім» атты бесік жырына (сазгер Бақытжан Байқадамов ән жазып, әнші Жамал Омарова орындаған) және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мараттың таңдауы» атты кітабы 200 мың данамен жарық көрді.
Зұлқия Мұқанқызының өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!
