Тоқаев Махмұд Аббасты Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина басшысы Махмұд Аббасты және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бейбітшілік пен ынтымақтастыққа сенім білдірді.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина мемлекетінің басшысы Махмұд Аббасқа және оның отандастарына Палестинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы Палестина көшбасшысының бейбітшілік пен тұрақтылыққа бағытталған ұстанымы халық бірлігін сақтауға, ел егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар ол екіжақты қарым-қатынастың одан әрі өркендей беретініне үміт артты.
Президент Махмұд Аббасқа жауапты қызметінде табыс тілеп, Палестина халқына құт-береке мен өркендеу ниет етті.
