Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдап, ведомствоның биылғы жұмысының қорытындысы мен алдағы басым бағыттарын талқылады.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Кездесуде ведомствоның биылғы жұмысының қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттары талқыланды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
ҰҚК төрағасы Президентке жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелерін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, терроризм мен экстремизмге, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бағытында жүргізіліп жатқан шаралар туралы есеп берілді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік пен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.
Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органдары жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма жүктеді.
