Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жемқорлардан қорғауды тапсырды • «Ахи», «ухти», «ифтар» – ҚМДБ бұл сөздерді қазақша қалай айтуға болатынын түсіндірді • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды •

    Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді

    Композитор Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін орындамауының себебін түсіндірді: авторлардың аты аталмаған, бірақ заңды тыйым жоқ.

    Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді

    Фото: видеодан скриншот

    Белгілі композитор Марат Омаров журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші Нұрлан Өнербаевтың әйгілі «Анашым» әнін неге орындамай кеткенін ашып айтты. Оның сөзінше, туындыны айтуға ешкім заң жүзінде тыйым салмаған, алайда авторлардың әншіге деген өкпесі бар.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Композитордың айтуынша, мәселе ән орындалған кезде туынды авторларының аты-жөні аталмауынан туындаған:

    «Бәрің Нұрлан Өнербаевтың ғана нұсқасын тыңдап жүрсіңдер. Біз оған тыйым салған жоқпыз. Мен бармын, басқа авторлар бар. Біз тек ренішімізді айттық. Әнді айтқанда авторларды неге хабарламайсың деп ескерткенбіз. Өнербаев соған тырысып, айтпай қалды. Әйтпесе ешкім оған заң жүзінде бұл әнді айтпа деп тыйым салған жоқ», — деді Марат Омаров.

    Сонымен қатар Марат Омаров әннің орындалу мәнерін қалыптастыруға өзі тікелей атсалысқанын атап өтті:

    «Халық сүйіп тыңдайтын, Нұрлан Өнербаевтың әні деп қабылдайтын туындыны оған өзім үйреттім. Интонациясын дұрыстадым. Ол нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ адам. Мен ешқандай тыйым салған жоқпын. Өнербаевқа ән авторларының өкпесі қара қазандай», — деп түйіндеді композитор.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →