Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады • Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған • «Кеттік бәрін таста» фильмінің әні үшін 64 млн теңгеге сотқа шағым түсті • Ресейлік блогер Димашты Германиядағы концертінде орысша амандаспағаны үшін сынға алды • «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды • Мөлдір Анарбаев терезеден шашылған долларға қатысты пікір білдірді • Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады • Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған • «Кеттік бәрін таста» фильмінің әні үшін 64 млн теңгеге сотқа шағым түсті • Ресейлік блогер Димашты Германиядағы концертінде орысша амандаспағаны үшін сынға алды • «Шешесін де осылай тас қылдым»: Нұртас Айдарбеков қызға қырындаған ұлымен мақтанды • Мөлдір Анарбаев терезеден шашылған долларға қатысты пікір білдірді •

    Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады

    Димаш Құдайберген Мексиканың Мерида қаласында өткен концертінде бала күнгі арманын орындап, жанкүйерлер қазақ тілінде ән шырқады.

    Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады

    Фото: Dimashnews.com

    Мексиканың Мерида қаласында өткен Димаш Құдайбергеннің концертінде мыңдаған жанкүйер қазақ тілінде ән шырқады. Жиналған көрермендер әншінің шығармаларын жатқа айтып, Қазақстанға деген ерекше ықыласын көрсетті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Димаштың әлемдік турнесіндегі әр концертте қазақ тіліндегі әндерге ерекше орын беріледі. Әнші халық әндерін заманауи нақышта өңдеп, ұлттық музыканың тереңдігін сақтай отырып, шетелдік тыңдарманға ұсынады. Осылайша ол әлем жұртшылығын қазақтың тілімен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен таныстырып жүр.

    Меридадағы концертте де көрермендер қазақ әндерін ерекше ықыласпен қабылдады. Мәселен, «Ақерке» әні орындалғанда жанкүйерлер алдын ала дайындаған ақ түсті жүрекшелерін әуен ырғағымен тербетті.

    Ән аяқталған соң Димаш көрермендерге алғысын айтып, бала күнгі арманы орындалғанын жеткізді.

    «Алғысымды қалай жеткізерімді білмей тұрмын. Көп рақмет! Бұл – үлкен арманымның орындалған сәті. Бала кезімде Латын Америкасына келуді армандайтынмын. Арада жылдар өткенде Алла маған сондай мүмкіндік берді. Бүгінгі концерт ең алдымен сіздердің арқаларыңызда өтті. Осындай тыңдармандарым бар бақытты адаммын. Қазақстанға келіңіздер, менің қонағым болыңыздар», – деді әнші.

    Ал 2025 жылғы жазда алғаш орындалған «Тау ішінде» халық әні шетелдік жанкүйерлердің сүйікті шығармаларының біріне айналған. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Dears қауымдастығы бұл әнді жатқа біледі. Меридадағы концертте де көрермендер Димашқа қосылып ән шырқады. Тіпті ән аяқталғаннан кейін де көпшілік әуенді өздері жалғастырып, әншіні сахнадан жібергісі келмеді.

    DIMENSIONS әлемдік турнесінде Димаштың қазақ тіліндегі авторлық туындылары да орындалып жүр. Олардың қатарында «Dimensions», «Өмір», «Самғау», «Moonlight» және «Жаңа күн» әндері бар.

    Концерттің әсерлі сәттерінің бірі «Жаңа күн» әні кезінде болды. Димаш көрермендерге алғыс білдіріп, Қазақстан мен Мексиканың туларын қатар көтерді. Осы сәтте көпмыңдық зал әншімен бірге «Пай-пай, шіркін, ұмытылмас күн!» деп қазақша шырқады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →