Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) • Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз • Ақтөбеде генерал-майор мен полковник жемқорлық күдігімен ұсталды • Тоқаев Конституцияны елемеуге жол берілмейтінін және мемлекет беделін қорғау қажеттігін айтты • Қырғызстан президенттігіне 11 адам таласады: Садыр Жапаровтың қарсыластары кімдер? • Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды • «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) • Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз • Ақтөбеде генерал-майор мен полковник жемқорлық күдігімен ұсталды • Тоқаев Конституцияны елемеуге жол берілмейтінін және мемлекет беделін қорғау қажеттігін айтты • Қырғызстан президенттігіне 11 адам таласады: Садыр Жапаровтың қарсыластары кімдер? • Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды •

    «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО)

    «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО)

    Коллаж: qazaqtoday.info 

    Қазақстандық танымал блогер әрі кәсіпкер Елдос Колобок көптен күткен тұңғышы Әлемнің бір жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады. Мерекелік кешке танымал әншілер, блогерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Олардың қатарында Ләйлә Сұлтанқызы, Мөлдір Анарбаева, Қарақат пен Қыдырәлі, Жазира мен Жанболат сынды өнер және медиа өкілдері болды.

    Той барысында блогердің ұлы Әлемнің тұсауын белгілі әнші Қайрат Нұртас кесті. Елдос Колобок бұл таңдауының себебін түсіндіріп, әншіге деген ерекше құрметін білдірді.

    «Бұл кісінің орны бөлек. Қанша жылдар бойы киелі сахнаның легендасы. Өзі бағындырған биік шыңы бар. Басынан таймайтын бағы бар. Сондай бақ біздің баламызға да бұйырсын деп ниет еттік», – деді блогер әрі кәсіпкер Елдос.

    Мерекелік шара желі қолданушыларының да назарын аударды. Желіде тойға қатысты түрлі пікірлер айтылып, әсіресе Әлемнің тұсауын Қайрат Нұртас кескені қызу талқыланды.

    Сондай-ақ той иелері тұсаукесер рәсіміне қатысқан әншіге қомақты қаржы мен бағалы сыйлық тарту еткені айтылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →