Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды • Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады • Ақтөбеде дәмханада болған жарылыстан екі адам зардап шекті • Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген екі автовоз аударылып қалды • Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады • Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған • Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға жемқорлықты азайту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды • Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады • Ақтөбеде дәмханада болған жарылыстан екі адам зардап шекті • Ақмола облысында жаңа көліктер тиелген екі автовоз аударылып қалды • Димаш Құдайберген Меридада бала күнгі арманын орындады • Алаяқтар қазақстандықтарды алдап, 117 млрд теңгесін үптеп кетпек болған •

    Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады.

    Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

    Фото: Ақорданың Telegram-арнасы

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай.

    Жалпы, заң бойынша тергеу мәселелерін жариялауға немесе ашып көрсетуге болмайды. Оның үстіне тергеу жұмысы да енді басталды.

    Алайда қазірдің өзінде мына нәрсені анық айтуға болады: бұл – біз «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын жариялап, оны Конституциямызда мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің басты қағидаты ретінде бекіткелі бері біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда болып тұрған сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс.

    Еліміздің Конституциясы 15 наурызда жалпыұлттық референдум кезінде бірауыздан қабылданды, 1 шілде күні заңды күшіне енді. Осылайша, мемлекетіміздің бас құжаты әділетті түрде «Халық Конституциясы» деп аталды.

    Конституцияның ережелері мен баптарын бұзуға, халқымыздың осы қасиетті құжатын келемеж жасауға, кемсітушілік көрсетуге ешкімнің де хақы жоқ».

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →